Исландия Еуроодақ құрамына қосылуы мүмкін
Исландияда Еуропалық Одақ құрамына кіру жөніндегі келіссөздерді қайта бастау мәселесі бойынша референдум өтіп жатыр.
Галлап сауалнамасының кейінгі деректеріне сәйкес келіссөздерді қолдаушылар инфляцияның төмендеуінен, несие алу шарттарының жеңілдеуінен және елдің қауіпсіздігі нығаюынан үмітті. Ал қарсы тарап Исландия балық ресурстарын басқарудағы бақылауынан айырылып қалуы мүмкін деп алаңдайды. Бұл тұста елдің Еуроодаққа нақты кіру-кірмеу жөніндегі түпкілікті шешімі кейін өтетін бөлек референдумда қабылданады. Исландия одаққа мүшелікке алғаш рет 2009-шы жылы өтініш берген. Дегенмен төрт жылдан кейін келіссөздер тоқтатылып, ел бұл өтінішін ресми түрде қайтарып алған.