Бішкекте ШЫҰ саммитіне дайындық жүріп жатыр
1 қыркүйекте Қырғызстан астанасы Бішкекте Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше елдер басшыларының кезекті отырысы өтеді.
Қалаға алғашқылардың бірі болып Қытай төрағасы Си Цзиньпин мемлекеттік сапармен барды. Саммитке 24 елдің басшылары мен халықаралық ұйымдардың өкілдері қатысады деп күтіледі. Кездесуде әлемдік және өңірлік қауіпсіздік, экономика, көлік-логистика, экология және цифрландыру мәселелері талқыланады. Жиын соңында ШЫҰ-ның 25 жылдығына арналған Бішкек декларациясы мен бірқатар құжатқа қол қойылады деп көзделген.