Эквадор соты экс-президентке үкім шығарды
Эквадордың бұрынғы президенті Ленин Морено бес жылға бас бостандығынан айырылды. Оған сыбайлас жемқорлық сипатындағы қылмысқа қатысты іс қозғалған.
Денсаулығына байланысты 73 жастағы экс-президент жазасын үйқамақта өтейді. Сондай-ақ өмір бойына мемлекеттік қызмет атқаруына тыйым салынды. Тергеу мәліметінше, 2008-2018 жылдар аралығында Морено ірі мемлекеттік келісімшарттар құнының 4 пайызын заңсыз иеленіп, қаражатты Эквадордағы және шетелдегі шоттар арқылы аударып отырған. Осы іс бойынша оның зайыбы мен қызы 2 жарым жылға бас бостандығынан айырылды. Бұдан бөлек, сот барлық айыпталушыларды алған пара көлемінен үш есе көп қаражатты мемлекетке қайтаруға міндеттеді. Айта кетейік, Ленин Морено Эквадор президенті қызметін 2017-2021 жылдары атқарған.