Қазақстан дамудың жаңа кезеңіне қадам басты
Демократия – қоғаммен бірге дамып отыратын үздіксіз үдеріс.
Бұл реформалар Қазақстанның одан әрі демократиялық дамуға деген ұстанымын көрсетеді. Өзгеріс азаматтардың қоғамдық өмірге қатысуы үшін жаңа мүмкіндіктерін ашады. Мемлекеттік шешімдер қабылдау кезінде қоғамның үнін ескеруді қамтамасыз етеді. Кипр Республикасының Энергетика, сауда, өнеркәсіп және туризм экс-министрі Йоргос Лаккотрипис Құрылтай сайлауына қатысты осындай пікір білдірді.
Йоргос Лаккотрипис, Кипр Республикасының энергетика, сауда, өнеркәсіп және туризм экс-министрі:
- Қазақстан демократиялық дамудың жаңа кезеңіне қадам басты. Жаңартылған саяси жүйе халықтың ел тағдырына атсалысу мүмкіндіктерін кеңейтеді. Азаматтардың белсенді қатысуы демократиялық институттарды нығайтуға ықпал етеді.