Трамптың жарлығымен Онтарио көлінің атауы өзгерді

Ғаламдық Гугл Мэпс ((Google Maps)) қызметі Онтарио көлінің атауын

"Америка көлі" деп өзгертті. Бұған дейін АҚШ президенті Дональд Трамп бұл жөніндегі жарлыққа қол қойған еді. Енді шешімге Онтарио провинциясының тұрғындары наразылық танытып отыр. Өйткені Онтарио АҚШ пен Канада шекарасындағы бес ұлы көлдің ең кішісі. Атауы 400 жылдан астам уақыт қолданыста болған. Канада астанасы Оттава мен ең ірі Торонто қаласы осында орналасқан. Тағы Канада халқының 38 пайызы шоғырланған. Тақауда АҚШ пен Канада жаңа сауда келісімі бойынша ортақ мәмілеге келе алмады. Кейін Трамп шекарадағы көлдің атауын өзгертуге ниетті екенін мәлімдеді.

Сондай-ақ оқыңыз: