Табиғи апаттардан сақтандыру компанияларының шығыны артты

Әлемде табиғи апат салдарынан сақтандыру компанияларының шығыны артты.

Вериск ((Verisk)) талдау орталығының кейінге есебі бойынша оның көлемі жылына 171 млрд долларға жеткен. Ең жоғары тәуекел АҚШ-қа тиесілі - шамамен 117 миллиард доллар. Шығынның негізгі бөлігі нөсер, бұршақ, торнадо және тропикалық циклондармен байланысты. Сарапшылардың пікірінше, шығындардың өсуіне табиғи апаттардан бөлек қауіпті аймақтардағы тығыз құрылыс пен жөндеу жұмыстарының қымбаттауы да әсер етіп отыр. Сондай-ақ мамандар әлемде табиғи апаттар қаупі артуына байланысты сақтандыру қорғанысының жетіспеушілігі байқалатынын айтады. Ол нақты келтірілген залалдың небәрі 38 пайызын ғана өтейді.

Сондай-ақ оқыңыз: