Италияда Венеция кинофестивалі басталды

Италияның Лидо аралында әлемдегі ең беделді халықаралық кинофестивальдердің бірі - Венеция кинофестивалі басталды. Биыл шара 83-ші рет өткізіліп отыр. Фестиваль аясында әлемнің түкпір-түкпірінен келген танымал режиссерлер жаңа туындыларын ұсынады. Фестивальдің басты жүлдесі - "Алтын арыстан".

Негізгі байқау бағдарламасына барлығы 21 фильм қатысып отыр. Олардың қатарында Илон Маск туралы деректі фильм, палестиналық режиссерлердің туындылары, сондай-ақ АҚШ-тың Көші-қон және кедендік бақылау қызметінің жұмысы туралы қысқаметражды фильм бар. Кино байқауы 12-ші қыркүйекке дейін жалғасады. 

Сондай-ақ оқыңыз: