Бразилияда сарқырама суы 5 есе көбейді
Бразилиядағы Игуасу сарқырамасының деңгейі орташа көрсеткіштен 5 есе көтерілді.
Мамандардың айтуынша, су ағыны қазір секундына 8 млн 300 мың литрден асады. Сарқырама арнасының толуына толассыз жауған жаңбыр себеп. Игуасу сарқырамасы – Оңтүстік Америкадағы ең танымал туристік орындардың бірі және табиғаттың жаңа жеті кереметінің бірі саналады.