Жапон иенінің бағамы нығайды
Жапонияның ұлттық валютасы нығайып, кейінгі жарты жылдағы жоғары деңгейге жетті. Қазір елде бір доллар – 154 иен.
«Мұндай көрсеткішке Жапония Орталық банкінің пайыздық мөлшерлемені көтереді деген болжамы әсер етуі мүмкін», - деп хабарлайды Bloomberg агенттіг.
Сондай-ақ АҚШ-тағы инфляция және Федералдық резерв жүйесінің ақша-несие саясаты да доллар бағамына әсер етіп отыр. Өткен айда АҚШ пен Жапонияның Қаржы министрліктері бірлесіп, құлдырау алдында тұрған жапон валютасын нығайтуға әрекет еткен болатын.