АҚШ Колумбиямен маңызды минералдарды бірлесе өндіруге келісті
АҚШ пен Колумбия ынтымақтастықты күшейтуге келісті. Құжатқа АҚШ Мемлекеттік хатшысы Марко Рубио мен Колумбия Сыртқы істер министрі Омар Була қол қойды.
Екі ел маңызды минералдарды өндіру мен бейбіт атом энергетикасын дамытуға ниетті. Алдағы алты айда осы бағыттағы негізгі жобалар бекітіледі. Бұл Колумбияға америкалық технологиялар мен шағын реакторларды пайдалануға жол ашады. Сонымен бірге елдер шекара қауіпсіздігі мен көші-қонды бақылауды күшейтеді.