Хуситтер «Мекке келісімін» жеделдетуі мүмкін
Йемендік хуситтердің тоқтаусыз соққы жасауы «Мекке әскери келісімін» іске қосуды жеделдетуі мүмкін.
Бұл құжат бойынша Сауд Арабиясы, Түркия мен Пәкістан өз аумағына шабуыл жасағандарға қарсы бірге күресе алады. Бұл туралы Пәкістан Қорғаныс министрі Хаваджа Мухаммад Асиф мәлімдеді. Оның айтуынша, хуситтер Риядқа ғана емес, сонымен қатар оның одақтастарына да шабуыл жасап жатыр. Аталған 3 ел тамыздың басында бірлескен әскери келісімге қол қойған болатын. Кейінгі кезде хуситтер Сауд Арабиясының азаматтық және энергетикалық нысандарына соққыны күшейтті. Шабуылдан 73 адам жараланған.