Әлем бойынша әскери шығын көлемі артты
Биыл әлемде әскери шығын көлемі рекордтық деңгейге жетуі мүмкін. Жыл соңына дейін жаһанда қорғаныс саласына бөлінетін қаржы 3,29 триллион долларға дейін жетеді деген болжам бар.
Бұл НАТО және ұлттық мекемелер ұсынған дерек. Былтыр бұл көрсеткіш 2,95 триллион доллар болған еді. Оның үштен бір бөлігі АҚШ-қа тиесілі. Нақтырақ айтсақ, 2025 жылы Вашингтон салаға 954 миллиард доллар бөлген. Ал дерекке сүйенсек, Украина кейінгі бес жылда қорғаныс шығынын ең көп арттырған ел атанды. Израиль, Польша және Парсы шығанағындағы бірқатар ел де әскери шығыны жоғары әрі қару-жарақ импортына тәуелді мемлекеттер қатарына жатады.