No comment: роботтар биі рекорд орнатты
Гиннесстің әлемдік рекордтар тізімі жаңарды. Қытайдың Цзинань қаласында бір мезетте 110 адам тәріздес робот би биледі, деп хабарлайды 24KZ.
AgiBot компаниясына тиесілі А3 роботтарының үйлесімді қозғалысы үшін LinkBots паркті басқару платформасы мен позицияны анықтау технологиясы қолданылған. Компания өкілдерінің айтуынша, бұл гуманоидтарды ашық аспан астындағы шерулерде, туристік нысандардағы қойылымдарда және көптеген роботтың бір мезгілде қатысуын қажет ететін басқа да іс-шараларда пайдалануға болады.