ЕО Испанияға қаржылай көмек береді

Еурокомиссия Испаниядағы көші-қон дағдарысын реттеуге шұғыл қаржылай көмек беруге шешім қабылдады.

Шамамен 115 млн еуро шекара бақылауын күшейтуге, заңсыз мигранттарды отанына қайтаруға және Испанияның Сеута автономды қаласында қалатын босқындарды орналастыру ісіне жұмсалады. Ауқымды жұмысқа Еуропол мен Еуроодақтың босқындар мәселесіне жауапты құрылымдары да тартылады. Шілденің аяғында Сеутаға көршілес Мароккодан мигранттар ағылған еді. Сол кезде қалаға 72 мыңнан астам адам заңсыз кірді. 94 адам теңіз бен қоршаудан өту кезінде опат болды. Қазір анклавта 5 мыңға жуық заңсыз мигрант бар. Олар Испан билігінің шешімін күтіп отыр.

Сондай-ақ оқыңыз: