Непалда мектептерді қалпына келтіруге $15 млн қажет
Непалда су тасқынынан қираған мектептерді қалпына келтіруге 15 млн доллардан астам қаржы қажет. Әсіресе Расува ауданындағы мектептер қатты бүлінді. Онда 18 мектептің 11-і толық қирап, жетеуі зақымданды.
Оқу құралдарын алу үшін 688 мың доллар қажет. Елдегі барлық зақымданған нысандарды қалпына келтіруге шамамен бес млрд-қа жуық доллар қажет.