Израиль Газа секторына соққы жасады
Израильдің Газа секторындағы әуе соққысынан екі адам қаза тапты. Тағы 13 адам жараланды.
Associated Press агенттігінің хабарлауынша, шабуыл Тель-эль-Хава ауданында болған. ЦАХАЛ әскері соққыны растады. Куәгерлердің айтуынша, дрон көлікке екі зымыран cоққысын жасаған. Кейінгі мәліметтерге сәйкес жалпы Израильдің Газаға шабуылдарынан қаза тапқандар саны 73 мыңнан асты.