Қытайда 30 мыңнан астам адам эвакуацияланды
Қытайдың Хайнань провинциясында қатты жауын-шашынға байланысты 30 мыңнан астам тұрғын қауіпсіз жерге көшірілді. Аймақта су тасқыны қаупі жоғары. Нөсер өткен аптаның аяғынан бері толастамай тұр.
Чанфэн ауылында су деңгейі 452 милиметрден асқан. Алты қала мен ауданда мектептер жабылып, тағы сегіз ауданда туристік нысандардың біраз бөлігі уақытша жұмысын тоқтатты.