Швецияда парламент сайлауы өтті
Швецияда парламент сайлауы өтті. Экзитполдың алдын ала мәліметтеріне қарағанда, оппозициялық коалиция 51%-дан астам дауыс жинап, алда келеді.
Ал қазіргі премьер-министр Ульф Кристерссон бастаған басқарушы коалиция шамамен 47% дауысқа ие болды. Бұл оңшылдар мен солшылдар арасындағы алшақтықтың аз екенін көрсетеді. Швеция парламенті – Риксдагта 349 орын бар және көпшілік дауысқа ие болу үшін кемінде 175 мандат қажет. Сайлаудың түпкілікті нәтижелері сәрсенбіде белгілі болады.