Еуроодақта газ қымбаттады

Еуропалық одақта газдың бағасы 2022 жылдан бергі ең жоғары көрсеткішке жетті. Амстердам биржасында фьючерстер 1 ай бұрынғы межеден 5 пайызға қымбаттап, 1 сағаттағы мегаватт құны 83,5 еуродан асқан. Бұл туралы «Неміс Пресс» агенттігі хабарлады.

Сарапшылар Таяу Шығыстан сұйытылған табиғи газды жеткізуге Иранның Ормуз бұғазын жауып тастауы және хуситтердің Баб-Әл-Мандеб бұғазына бақылауды күшейтуі үлкен кедергі келтіріп отыр деп есептейді. Қазір Еуропа елдері газ қоймаларын тезірек толтыру үшін жанталасып жатыр. Өйткені қыс мезгілі жақындап қалды.

Сондай-ақ оқыңыз: