БҰҰ Йеменге шұғыл $9 млн бөлді

Ұйым өкілі Стефан Дюжаррик елдің батысындағы қақтығыстардың күшеюі салдарынан бейбіт тұрғындар арасында өлім-жітім көбейгенін, гуманитарлық дағдарыстың күшейіп, бара жатқанын мәлімдеді. 

Қазір бұл елден 100 мың адам бас сауғалап кеткен. Тағы екі мыңға жуығы Баб-эль-Мандеб бұғазы арқылы Африкаға ауып, Джибутиді паналап жүр. Біріккен Ұлттар ұйымы осы бейбіт тұрғындардың тағдырына алаңдап, гуманитарлық көмекті мейілінше жылдам, әрі толық күйінде жеткізуді қамтамасыз етуге шақырды.

Сондай-ақ оқыңыз: