Конгода эбола 3,5 мыңнан астам адамның өмірін қиды

Эбола вирусына ем болмай жатыр. Конгода 3 мың 510 адам осы дерттен көз жұмды. Кеше, айналдырған бір тәулікте тағы 35 адам жан тапсырды. Бұл туралы елдің Байланыс және БАҚ министрлігі хабарлады.

Індет басталғалы 7 мың 258 адамнан вирус анықталған. Оның 903-і қазір ауруханалар мен оқшаулау орындарында жатыр. Эбола елдің 26 провинциясының жетеуіне таралған. Ең қиын жағдай Итури провинциясында. Мұнда күдікпен дәрігерге қаралғандардың 78 пайызында ауру расталған.

Сондай-ақ оқыңыз: