Ресейде аю 66 жастағы әйелді өз ауласында талап өлтірді
Ресейдің Краснояр өлкесінде аю 66 жастағы әйелді өз үйінің ауласында талап өлтірді, деп хабарлайды 24KZ.
Қайғылы оқиға 16 қыркүйекке қараған түні Жоғарғы Кебеж ауылында болған. Жергілікті тұрғынның денесі өз үйінің ауласынан табылған. Оның денесінен аю шабуылының іздері анықталды.
Алдын ала мәлімет бойынша, әйел қоршаудың ар жағынан шыққан шуды естіп, терезеден сыртқа қараған. Сол сәтте аю оған тап берген. Алған жарақаттарынан әйел оқиға орнында көз жұмған. Бұл туралы Краснояр өлкесі мен Хакасия Республикасы бойынша Тергеу комитетінің бас басқармасы хабарлады.
Қазір тергеушілер оқиғаның барлық мән-жайы мен себептерін анықтау үшін бірқатар тергеу амалдарын жүргізіп жатыр.
Айта кетейік, Ресейде соңғы күндері аюдың адам өліміне әкелген шабуылы алғаш рет болып отырған жоқ. Бір күн бұрын Иркутск облысында орманға саңырауқұлақ теруге барған зейнеткерді жыртқыш аю талап өлтірген.