Газа секторында тұрғын үй опырылып, 20 адам опат болды

Үйінді астында тағы 100-ге жуық адам қалып қоюы мүмкін. Өйткені алты қабатты ғимарат бұған дейін Израильдің соққыларынан зақымданған. Алайда тұрғындар өзге жерден пана таппай, қайта осында көшіп келген.

Қазір үйінді астында қалғандарды құтқару жұмыстары жүріп жатыр. Бірақ бірлі-жарым ғана арнаулы техника бар. Құтқарушылар үйіндіні көбіне қолмен аршып жатыр.   

Сондай-ақ оқыңыз: