Әлемде баспана тапшылығы күшейіп барады

Әлемде кейінгі онжылдықта жаңа тұрғын үй құрылысы халық саны мен сұранысқа ілесе алмай келеді. Бұған тұрғын үй нарығындағы түрлі мәселемен бірге қарулы қақтығыстар мен табиғи апаттар сияқты жағдайлар себеп. Осының салдарынан қазір дүниежүзінде 3 миллиард адам баспанасыз.

Бұл – Біріккен Ұлттар Ұйымы келтірген дерек. Мысалы, АҚШ-тың Нью-Йорк, Сан-Франциско, Лос-Анджелес сияқты ірі қалаларында жердің қымбаттығы, құрылыс ережелерінің күрделілігі және рұқсат алудағы қиындықтар баспана құрылысын тежеп отыр. Еуропа бұл мәселені ескі үйлерді бірден бұзбай, қайта жаңғырту арқылы шешуге тырысуда. Өйткені қаладан ауылға ағылғандар саны артқан. Оның ішінде Германия, Франция, Австрия сияқты елдер тұрғын үйді жаңартуға субсидия бөліп, әлеуметтік тұрғын үй құрылысын дамытуға басымдық беріп отыр.

Сондай-ақ оқыңыз: