Эбола Конгоның жеті провинциясына тарады

Конгода Эбола індеті жеті провинцияға тарады. Қазір 7 мың 400-ге жуық адам ауру жұқтырған. Үш жарым мың адам індеттен көз жұмды.

Оңтүстік Судан шекарасына жақын Жоғарғы Уэле провинциясында апта сайын 30-40 жаңа жағдай тіркеледі. Індеттің таралуын тоқтату үшін кей аймақтарда вакциналау жұмысы жеделдетілді. Шекара бекеттерінде бақылау күшейтілді. БҰҰ мен ДДҰ Конгоға халықаралық қолдауды күшейтуге шақырды.

Сондай-ақ оқыңыз: