БҰҰ Ирандағы мектепке жасалған соққыны айыптады

БҰҰ Иранның Минаб қаласындағы мектепке жасалған әуе соққысын әскери қылмыс деп бағалады. 

Бұл туралы тәуелсіз миссияның жаңа есебінде жазылған. Қайғылы оқиға 28 ақпанда болды. Иран билігінің мәліметінше, әуе соққысынан 150-ден астам адам қаза тапты. Олардың шамамен 120-сы – оқушы. Мектеп әскери нысанға жақын орналасқан. Иран бұл шабуылға АҚШ пен Израильді айыптайды. Израиль шабуылға қатысын растаған жоқ. Ал Вашингтон БҰҰ миссиясының қорытындысын жоққа шығарды. Пентагон оқиғаға қатысты тергеу әлі жүріп жатқанын хабарлады.

Сондай-ақ оқыңыз: