Диана ханшайымның әйгілі көйлегі аукционда сатылады

Диана ханшайымның әйгілі көйлегі Лондонда халықаралық тур аясында көпшілік назарына ұсынылды. Кейін ол Гонконг пен Женевада көрсетіледі. Жібектен тігілген танымал қара көйлек жұрттың назарын өзіне аударған еді.

1997 жылы Диана ханшайым киімді қайырымдылық аукционға сатуға қойған. Енді ол қайтадан сатылымға шығарылады. Sotheby’s аукцион үйі 300 мың долларға дейін қаражат түседі деп жоспарлап отыр. Аукцион 9 желтоқсан күні Нью-Йоркте өтеді. 

Сондай-ақ оқыңыз: