БҰҰ Пәкістандағы терактіні айыптады
Біріккен ұлттар ұйымы Пәкістанның солтүстік-батысында мешітте болған терактіні айыптады.
Ұйымның Бас хатшысының ресми өкілі Стефан Дюжаррик бейбіт тұрғындар мен діни ғимараттарға шабуыл жасауға жол берілмеу керектігін айтты. Ол кінәлілерді жауапқа тартуға шақырып, Исламабадтың терроризмге қарсы күресіне қолдау білдірді. Еске салайық, Кохат қаласында жұма намазы кезінде жарылыс болған. Салдарынан кем дегенде 27 адам қаза тапты. Тағы 50-ден астам тұрғын жараланды. Әзірге бірде-бір топ қанды оқиғаға қатысы барын мойындаған жоқ.