Хуситтер Сауд Арабиясына тағы шабуыл жасады
Бұл туралы қарулы топтың баспасөз хатшысы Яхья Сариа мәлімдеді. Қарулы топ негізінен теңіз порттары мен энерегетикалық нысандарға соққы берген.
Саудия астанасы Рияд пен Қызыл теңіз маңындағы Янбу қаласына баллистикалық зымырындар мен ұшқышсыз ұшу аппараттарымен атқыланды. Шабуылдан кейін қала әуежайы маңында қою қара түтін шыққан. Ақпарға қарағанда, мұнда жанар-жағармай құю бекеті өртенген. Қауіпке байланысты тұрғындарға барынша абай болуға кеңес берілді. Әл-Хардж және Олайя қалаларында төтенше жағдай енгізіліп, кейін қауіп сейілген соң шектеу қайта алынды.