Конгода Эбола індеті өршіп тұр
Конгода Эбола дерті дес бермей тұр. Ауру жұқтырғандар саны 7 жарым мыңға жетті. Олардың 3 мың 600-ден астамы індеттен көз жұмды. «Бундибугио» деп аталатын вирустың бұл түріне қарсы әзірге вакцина жоқ.
Нақты ем де тағайындалмаған. Қазір Конго Демократиялық Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі Африка ауруларды бақылау орталығымен бірге клиникалық зерттеу жұмыстарын жүргізіп жатыр. Бірақ мамандар вирус тез тарап, бақылаудан шығып кетуі мүмкін дейді.