Италия мектепке бетті тұмшалап келуге тыйым салады
Италия мектепте бет тұмшалауға тыйым салуды жоспарлап отыр.
Бұл туралы премьер-министр ДжОрджа МЕлони мәлімдеді. Жақында бұл мәселе үкімет отырысында қаралмақ. Сонымен қатар билік бір сыныпта болуға тиіс шетелдік оқушылардың санын да шектегелі отыр. Ал олардың ата-аналарына итальян тілін үйрену міндетті болмақ. Мелонидің айтуынша, осылайша шетелдік балалардың еуропалық елдің білім беру жүйесіне және қоғамдық өміріне тез сіңіп кетуіне жағдай жасалады. Зерттеу қорының мәліметіне сәйкес, қазір Италияда барлық оқушылардың 12 пайызы азаматтық алмаған балалар.