Хуситтер Йемендегі таулы өлкелерге беттеді
Хуситтер Йеменнің таулы мекендеріне беттеп барады. Қазір қарулы топ Таиз және Лахидж провинцияларындағы Қахбуб аумақтарын шабуылдап ұмтылып жатыр.
Бұл стратегиялық маңызы бар жерлер. Қызыл теңіз жағалауын Йемен үкіметінің бақылауындағы оңтүстік аймақтардан бөліп тұр. Сондай-ақ Таиз провинциясындағы әл-Уазия мен Үнді мұхиты жағалауындағы Рас әл-Ара аудандарына шабуыл күшейді. Бұл аумақтар Баб әл-Мандеб бұғазы мен Адендегі үкіметтік база арасында орналасқан.