Мұнай кеніштері азайып барады
Мұнай қоры сарқылып барады. Жаңа кен орындары жоқтың қасы. Былтыр әлем бойынша тек 19 жаңа кеніш ашылды.
Бұл кейінгі 45 жылдағы ең төмен көрсеткіш. Жапонның Nikkei басылымы келтірген дерек осындай. Мұндағы басты себеп өткен 10 жыл көлемінде әлем мұнай мен газ қорын барлауға инвестиция көлемін 40 пайыздай азайтқан. Есесіне капиталды баламалы энергия көздерін дамытуға жұмсайды. Енді қордың сарқылуы жөніндегі дерек мұнай бағасын тағы қымбаттатауы мүмкін дейді сарапшылар.