Түркия Ирактан әскерін шығарады

Түркияның Ирактағы әскери базасы Бағдадтың бақылауына өтеді. Бұл жөнінде Түркия президенті мен Ирак премьер-министрі Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясында келісімге келді. 

Құжатқа сәйкес Мосул аймағындағы әскери базадан түрік сарбаздары кезең-кезеңімен шығарылады. Анкара бұл жерге өз контингентін 2015 жылы орналастырған еді. Мақсаты – террористік ұйымдарға қарсы күресте қолдау көрсету. Алайда бұл Бағдадпен арадағы ынтымақтастыққа кері әсерін тигізіп, Ирак билігі түрік әскерлерінің елден шығарылуын талап етті. АҚШ бұл келісімді құптап, оның Ирактың егемендігі мен Түркияның қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі маңызын атап өтті.  

Сондай-ақ оқыңыз: