Сарапшы: Қазақстандағы реформа түркі елдеріне үлгі
Қазақстандағы конституциялық өзгерістер тұтас түркі әлемі үшін жаңа тәжірибе қалыптастырады, деп хабарлайды 24KZ.
Түркі дүниесі азаматтық қоғам ынтымақтастығы қауымдастығының төрағасы Кемал Курназ осындай пікірде. Сарапшы ұлттық басқару дәстүрін заманауи мемлекеттік институттармен ұштастыру маңызды санайды. Қазақстанның өз тарихи тамырына сүйене отырып, саяси жүйесін жетілдіруге ұмтылысы басқа бауырлас елдерге де ой салуы мүмкін. «Мұндай ауқымды өзгеріс халықтың тікелей қолдауымен жүзеге асуы реформаның маңызын арттырады», – дейді сарапшы.
Кемал Курназ, Түркі дүниесі азаматтық қоғам ынтымақтастығы қауымдастығының төрағасы:
– Қазақстанның төл тарихы мен дәстүріне көрсетіп отырған құрметі баршамызға үлгі болуы керек. Құрылтай – түркі тарихында маңызды шешім қабылданған ортақ алаң. Сондықтан оның қайта жаңғыруы өте маңызды. Қазақстаннан бастау алған бұл тәжірибе өзге түркі мемлекеттеріне де үлгі болып, олардың саяси тәжірибесіне енгізіледі деп үміттенемін.