Испания шекара күзетін күшейтіп жатыр

Еуропалық ел Марокко жақтағы Сеута қаласы жаққа заңсыз мигранттар тағы қаптап келеді деп қауіптенеді. Рейтердің хабарлауынша, осыған байланысты 300 полицей, тікұшақтар мен қосымша әскер тартылған. 

Анклав аумағында түнгі уақытқа күшейтілген қауіпсіздік режимі енгізілді. Сонымен қатар билік әлеуметтік желілерді бақылауға алған. Бұл іс Марокко үкіметі, Еуроодақ және халықаралық барлау қызметімен бірге атқарылу үстінде. Естеріңізге сала кетейік, шілде айында Сеута қаласына Марокко жақтан 72 мыңнан астам заңсыз мигрант кіріп кеткен болатын. Олардың көбі еліне қайтарылды. Алайда қалада әлі де 10 мыңнан астам заңсыз мигрант бар.

Сондай-ақ оқыңыз: