OpenAI агенті Австралия үкіметінің сайтын бұзды
OpenAI компаниясының жасанды интеллект агенті Австралия үкіметінің веб-сайтын бұзған. Бұл туралы Австралияның премьер-министрі Энтони Албаниз мәлімдеді.
Оқиға маусым айында болған. Алайда үкіметке ол туралы тек үш айдан кейін хабарланған. Ақпарға қарағанда, бағдарлама денсаулық сақтау саласына жұмсалатын мемлекеттік шығындарды зерттегеннен кейін порталдың қауіпсіздік жүйесіне өткен. Яғни бақылаудан шығып кеткен. Артынша жүйе жабық деректерге дейін қол жеткізе алған. Десе де азаматтардың жеке деректеріне қол сұғу әрекеттері анықталған жоқ. Қазір Австралия билігі жағдайдың мән-жайын анықтау үшін қатаң тексеріс шараларын қолға алды.