М. Аббас: Израиль Палестина халқына қарсы геноцид жасап жатыр

«Газа секторында Израильдің басқыншы күштері Палестина халқына геноцид жасап жатыр».

Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясында онлайн форматта сөз сөйлеген Палестинаның 90 жастағы президенті Махмұд Аббас осылай деп мәлімдеп, бұл сорақылықты тоқтатуға шақырды.

Махмұд Аббас, Палестина президенті:

- Палестина делегациясына Нью-Йоркке келу және Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас Ассамблеясының отырыстарына қатысу үшін қажетті визалар осымен екінші жыл қатарынан берілмеді. Израильдің басқыншы күштері Газа секторында біздің халқымызға қарсы геноцидтік соғыс жүргізіп жатыр. Мұның соңы бұрын-соңды болмаған гуманитарлық апатқа әкеп соқтырды. Басқыншы күштердің қорғауымен қоныстанушылардың терроризмі өршіп тұр. Жеріміз күшпен тартып алынып, жаппай нәсілдік кемсіту мен этникалық тазарту жүріп жатыр, мемлекеттік терроризмге негізделген заңдар енгізілген. 

Сондай-ақ оқыңыз: