Хуситтер Янбу портына шабуыл жасады
Хуситтер Қызыл теңіздегі ірі мұнай, сауда және әскери-теңіз порты Янбуға шабуыл жасады. Мұны қарулы топтың баспасөз хатшысы мәлімдеді.
Ақпарат бойынша порт маңында орналасқан «Saudi Aramco» ірі мұнай компаниясына тиесілі нысандарды баллистикалық зымырандар және ұшқышсыз ұшу аппараттарымен атқылаған. Сондай-ақ Сауд Арабиясының астанасы Риядқа және Таиф қаласына шабуыл жасалған. Бұған қатысты Саудия билігі әзірге ресми мәлімдеме жасаған жоқ.