No comment: Чилиде нөсер тасқынға ұласты
Чилидің орталық және оңтүстік аймақтарында нөсер соңы тасқынға ұласты. Өзендер арнасынан асып, үйлер мен көшелерді су басты. Табиғи апаттан 74 үй бүлінген. Мыңдаған тұрғын жарықсыз қалды.
Билік Биобио өңірінде қауіптің ең жоғары деңгейін жариялап, тұрғындарды эвакуациялауға кірісті.