Ұлыбритания Газа секторына $116 млн бөледі
Ұлыбритания Газа секторы мен Батыс жағалауды қалпына келтіруге 116 млн доллардан астам қаржы бөледі. Бұл туралы елдің Сыртқы істер министрі БҰҰ Бас Ассамблеясы аясында мәлімдеді.
Қаражат медициналық көмекке, таза ауызсу мен санитарлық қызметтерге, сондай-ақ психологиялық қолдауға жұмсалады. Сонымен қатар Лондон гуманитарлық көмекті жеткізуді кеңейту мәселесін талқылады. Оған БҰҰ, аймақ елдері және халықаралық донорлардың өкілдері қатысты.