Сауд Арабиясы, Түркия және Пәкістан қорғаныс саласына қатысты шұғыл кездесу өткізеді
Тараптар Эр-Риядқа қолдау көрсету мәселесін талқылайды. Reuters агенттігінің хабарлауынша, басқосу хуситтердің шабуылына байланысты ұйымдастырылғалы отыр.
Қарулы топ Эр-Риядтағы стратегиялық нысандар мен Янбу қаласындағы мұнай нысанын атқылады. Олар бұл шабуылдарды Сауд Арабиясы әскерінің жорықтарына жауап деп түсіндірді. Иран президенті: «Масуд Пезешкиан Тегеранның бұл шабуылдарға қатысы жоқ», - деп мәлімдеді.