Эбола вирусы: Конгода ауруханалар лық толы

Конгода Эбола індеті дендеп барады. Әсіресе Бутембо қаласындағы жағдай қиын. Кейінгі 20 күн ішінде кеселді тағы 550-ден астам жұқтырып алған. Ал ауруханалар науқастарға лық толған. 

Жаңа науқастарды қабылдау үшін орын жетіспегендіктен, уақытша қабылдау орындары ашылған. Бутембоның өзінде 2 млн халық тұрады. Халықаралық ұйымдардың дәрігерлері вирустың тез тарап жатқанына алаңдайды. Қазір ауру елдің жеті провинциясында өршіп тұр. Вирус жұқтырғандар саны 8 мыңға жуықтады. 3 мың 700 адам көз жұмды.  

Сондай-ақ оқыңыз: