Бангладеште 3,4 млн балаға екпе салынады

Бангладеште қызылшаға қарсы ұлттық вакциналау науқаны басталды. Бір айға созылатын шара аясында алты айдан бес жасқа дейінгі 3 млн 400 мың балаға екпе салу жоспарланған. 

Елде қызылша ауруы наурыз айынан бері өршіп тұр. Осы уақытқа дейін кеселден 999 адам көз жұмды. Сарапшылар індеттің күшеюін 2024-2025 жылдары жоспарлы екпенің тоқтауымен байланыстырып отыр. Бұған дейін 1 млн балаға екпе салынды.

Сондай-ақ оқыңыз: