Йемен билігі азаматтарына үндеу жасады

Йемен билігі азаматтарын хуситтермен қақтығыстың ушығуына байланысты үкімет күштерінің қатарына қосылуға шақырды. Президент кеңесінің төрағасы Рашад әл-Әлими осындай үндеу жасады.

Ол хуситтер қатарынан шығып, үкімет жағына өткен көтерілісшілерге рақымшылық аясында кешірім берілетінін мәлімдеді. Кейінгі бірнеше айда хуситтер Қызыл теңіз жағалауы мен Баб-эль-Мандеб бұғазына жақын аумақтарда бақылауды күшейтті. Қазір Йеменде 125 мың адам үйлерін тастап, бас сауғалап кеткен. Басым бөлігі үкімет әскерінің бақылауындағы Аденге көшсе, басқалары Африка ауып, Джибутиге қоныстанып жатыр.

Сондай-ақ оқыңыз: