SpaceX алғаш рет Starship кемесін Жер орбитасына шығарды

фото: bbc.com

Илон Масктың SpaceX компаниясына тиесілі Starship ғарыш кемесі алғаш рет Жер орбитасына шықты. Кеме Техастағы Starbase ғарыш айлағынан ұшырылып, жарты сағатқа жетпей орбитаға жетті, деп хабарлайды 24KZ.

Бұл Starship кемесінің 14-ші сынақ ұшуы және тұрақты орбитаға алғаш рет шыққан сапары болды. Ұшырылымнан кейін көп ұзамай кеменің жоғарғы сатысы Super Heavy үдеткішінен бөлінді. Үдеткіш Мексика шығанағына сәтті қонды.

Кейін Starship орбитаға 26 Starlink V3 жерсерігін шығарды. Бастапқы жоспар бойынша кеме орбитада шамамен 10 сағат болуы керек еді. Алайда мамандар оны ұшырылғаннан кейін үш сағат шамасында кері қайтару туралы шешім қабылдады.

Starship Тынық мұхитына сәтті қонды. Алайда содан кейін кемеде күшті өрт шыққан.

Осыған қарамастан, SpaceX компаниясы сынақтың өте сәтті өткенін мәлімдеді.

Сондай-ақ оқыңыз: