БҰҰ: Непалда тасқыннан 1450 адам опат болды

Непалда алапат тасқыннан 1450 адам опат болды. Тағы 5 мыңнан астамы ұшты-күйлі жоқ, әлі табылмай жатыр, деп хабарлайды «24KZ».

Бұл туралы Біріккен Ұлттар Ұйымының өкілі Стефан Дюжаррик мәлімдеді. Ол табиғи апаттың ел экономикасына ауыр соққы болғанын алға тартып, келтірілген шығынды жалпы ішкі өнімнің 4-5 пайызына тең деп бағалады. Қазір негізгі күш елді қалпына келтіруге бағытталып жатыр. Қираған нысандар мен жолдар, үзілген электр станциялары көп. Мыңдаған адам баспанасыз қалды. Бұл тұста Біріккен Ұлттар Ұйымы халықаралық қауымдастықты Непалға қосымша қаржылай қолдау көрсетуге шақырды.

Сондай-ақ оқыңыз: