Таиландта тасқыннан 23 адам қаза тапты
Таиландта су тасқынынан қаза тапқандар саны 23 адамға жетті. Табиғи апаттан 2,5 млн-нан астам тұрғын зардап шекті, деп хабарлайды «24KZ».
Елдегі 940 мыңға жуық үй су тасқыны аймағында қалды. Сонымен қатар 1200-ден астам кәсіпорынға зиян келген. Тасқын зардабын жою үшін 320 млн доллар көмек қаржы қажет. Метеорологтар қолайсыз ауа райы әлі бірнеше күн сақталады деп ескертті.