Лионель Месси Испанияның «Эльденсе» футбол клубын сатып алды
Лионель Месси Испанияның екінші дивизионында өнер көрсететін «Эльденсе» футбол клубын сатып алды, деп хабарлайды 24KZ Informsports.kz-ке сілтеме жасап.
«Депортиво Эльденсе» клубы команданы Лионель Мессидің сатып алғанын ресми түрде жариялады. Бұл 1921 жылы құрылған клуб тарихындағы жаңа кезеңнің бастауы болмақ.
Клубтың хабарлауынша, Мессидің иелік етуі спорттық, институционалдық және әлеуметтік бағыттағы ұзақ мерзімді жобаны жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Команда бұған дейінгі тарихы мен дәстүрін сақтай отырып, дамуын жалғастырмақ.
Алайда мәміле Испания заңнамасына сәйкес Орталық спорт департаментінің тиісті рұқсатынан өтуі тиіс.
Сегундадағы биылғы маусымның жеті турында «Эльденсе» бес ұпай жинап, турнир кестесінде 19-орында тұр.