АҚШ Таяу Шығысқа тағы әскери кеме жіберді
АҚШ Таяу Шығыстағы әскери күшін нығайтып жатыр. Wall Street Journal басылымының ақпарына сүйенсек, Пентагон аймаққа үшінші ұшақ тасығыш кемесін жіберген.
«Теодор Рузвельт» атты әскери кеме Сан-Диего портынан шығып, Парсы шығанағына қарай бет алған. «Джордж Буш» және «Джордж Вашингтон» кемелері де осында. Олардың қашан кері қайтатыны белгісіз. Сонымен қатар келесі айдың соңына қарай қосымша теңіз күштері жіберілмек. Қазір аймақтағы америкалық сарбаз саны 10 мыңға жуықтады.